Павлодарда балаларды тонаумен шұғылданып келген екі қыз ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда балаларды тонаумен шұғылданып келген екі қыз ұсталды

Павлодарда балаларды тонаумен шұғылданып келген екі қыз ұсталды

Павлодар облысының Ақсу қаласында балаларды тонаумен шұғылданып келген 14 және 16 жастағы екі қыз ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қараша 2004
  • 446
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, соңғы кездері Ақсуда 3-4-сыныптарда оқитын қыз балаларды көшеде тонау оқиғасы бірнеше мәрте шыққан. Қылмыскерлер екінші ауысымда оқып, үйлеріне қайтып келе жатқан оқушы қыздардың алтын сырға-жүзіктері мен басқа да бағалы заттарын тонап алып отырған. Осындай оқиғаға байланысты төрт баланың ата-анасы полицияға шағым түсірді. Барлығының айтуынша, тонаушылық жасағандар — еуропалық және азиялық нәсілді екі қыз көрінеді.

Күдіктілерді ұстауға бір қыздың айрықша белгісі көмек болған. «Зардап шегушілер тонаушы қыздың өзгеше жас қою үлгісін байқаған екен»,- деп хабарлайды Ақсу қалалық ІІБ-нің бастығы Назымбек Жүнісов.
Екі күдікті де кеше, 17-қарашада ұсталды. Қазір олар уақытша тергеу абақытысына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта