Парламент мәжілісі мен сенатындағы үкімет өкілдері тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент мәжілісі мен сенатындағы үкімет өкілдері тағайындалды

Парламент мәжілісі мен сенатындағы үкімет өкілдері тағайындалды

Қазақстан үкімет басшысының кеңсесінде бірқатар тағайындаулар болды. Осы жөніндегі қаулы мәтіндері бүгін, 18-қарашада ресми баспасөзде жарияланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қараша 2004
  • 415
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Қуаныш Алпысбеков үкімет басшысының кеңсесі жетекшісінің орынбасары әрі парламент мәжілісіндегі үкіметтің өкілі болып тағайындалды. Қ.Алпысбеков бұған дейін Қазақстан парламентіне екі мәрте депутаттыққа сайланған. Алғаш рет 1994-жылы 13-шақырылған ҚР Жоғарғы кеңесіне сайланса, екінші рет 1999-жылы мәжіліс депутаты болып сайланды. Ол кезде Қ.Алпысбековтың кандидатурасын «Отан» партиясы қолдады. Осы жолғы сайлауға ол қатысқан жоқ.

Қабиболла Жақыпов үкімет басшысының кеңсесі жетекшісінің орынбасары әрі парламент сенатындағы үкімет өкілі болып тағайындалды.
Қ.Жақыпов Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік басқару аппараты жүйесінде жұмыс істеді. 1993-2000-жылдарда әкімшілік басшысы , Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. 2001-жылдың қаңтар айынан бері ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары лауазымында отырды.

Перейти к новостям спорта