Қазақстан парламенті Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімге біріккен елдер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімге біріккен елдер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекітті

Қазақстан парламенті Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімге біріккен елдер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы бекітті

Бүгін, 18-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімге біріккен елдер арасында 1992-жылдың 15-мамырында қол қойылған әскери-техникалық ынтымақтастықтың басты принциптері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қараша 2004
  • 502
Фото - Caravan.kz

Келісімге мемлекет басшылары 2000-жылдың 20-маусымында Мәскеуде қол қойған. 2003-жылдың 19-қыркүйегінде Ялтада келісімге қол қойған мемлекеттердің басшылары келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл хаттама Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімге біріккен елдер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуда айрықша маңызға ие болумен бірге Келісім аясындағы интеграциялық процестерді пәрмендендіруге қолайлы жағдайлар жасайды. Келісімнің ажырамас бір құрамды бөлігі болып саналатын хаттама қатысушы-мемлекеттерге әскери-техникалық ынтымақтастық субьектілері арасында әскери-техникалық өнімдер беру турасында келісім-шарттарына қол қоюға мүмкіндік береді.
Хаттаманы бекіту туралы заң Елбасының қол қоюына жіберілді.

Перейти к новостям спорта