Қазақстанда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді субарендаға беру жөніндегі келісім-шарттары түгелдей бұзылды - жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді субарендаға беру жөніндегі келісім-шарттары түгелдей бұзылды - жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі

Қазақстанда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді субарендаға беру жөніндегі келісім-шарттары түгелдей бұзылды - жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі

2004-жылдың 1-қарашасындағы жағдаймен Қазақстанда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді субарендаға беру жөніндегі келісім-шарттары түгелдей бұзылды. Бұл туралы бүгін, 18-қарашада "ЮСАИД/АРД жобасына сәйкес жер реформасы жайында құқықтық көмек беру жөніндегі кеңселердің алдын-ала жұмыс қорытындысы" тақырыбы бойынша өткізілген дөңгелек үстел барысында ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Каналбек Райымбеков хабарлады.

  • 18 Қараша 2004
  • 616
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде әділет мекемелерінде осынау келісім-шарттарын бұзуға қатысты тиісті құжаттарды заңдық тұрғыдан рәсімдеу және тіркеу жұмыстары жүргізілуде»,- деді ол.

К.Райымбековтың айтуынша, қазіргі жағдаймен шартты жер үлесін иемденушілердің 40 проценттен астамы жерге қатысты өз құқықтарын ауылшаруашылығы серіктестіктерінің жарғылық қорына, 4 процентке жуығы өндірістік кооперативтердің жарғылық қорына қосса, 20 проценті жеке шаруа қожалықтарын құрған, 12 проценті жерге қатысты құқықтарынан бас тартты. Сондай-ақ, «шартты жер үлесін иемденушілердің 10 проценті өздеріне тиесілі жерге қатысты біржақты шешім шығара алмай отыр»,- деді ол.
К.Райымбековтың айтуынша, кезінде Қазақстанда жерді субарендаға алу туралы келісім-шартына 642 мың адам, немесе, шартты жер үлестерін алған 2,4 млн. шаруаның 25 проценті қол қойған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Жер кодексінің тәртіптеріне сәйкес, 2005-жылдың 1-қаңтарына дейін Қазақстанда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді субарендаға беру жөніндегі келісім-шарттары түгелдей бұзылуы тиіс.

Перейти к новостям спорта