Алматы қалалық әкімшілігіне тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу туралы 10 мыңдай өтініш келіп түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық әкімшілігіне  тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу туралы 10 мыңдай өтініш келіп түсті

Алматы қалалық әкімшілігіне тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу туралы 10 мыңдай өтініш келіп түсті

Алматы қалалық әкімшілігінің тұрғын үй құрылысы департаментіне мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша және ипотека жолымен тұрғын үй алу туралы 10 мыңдай өтініш келіп түсті. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов бүгін, 18-қарашада әкімшілікте өткен жиында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қараша 2004
  • 833
Фото - Caravan.kz

В.Храпуновтың айтуына қарағанда, аталмыш бағдарлама бойынша тұрғындарға үй сату жұмыстары 2005-жылдың басында, әкімшіліктің тапсырысымен салынып жатқан көп пәтерлі 11 үйді пайдалануға беру нәтижесінде басталады. Әкімнің хабарлауынша, 2005-жылғы бюджетте де аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 5,6 млрд. теңге бөлінеді.

Ал қалалық тұрғын үй құрылысы департаменті директорының орынбасары Тұрысбек Ізмағамбетовтың ақпаратына сәйкес, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру шараларын 2005-жылдың басынан қолға алу үшін әкімшілік жұмысты пәрмендендіре түсті. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша пәтерлерге ие болатын адамдардың алғашқы тізімі Қазақстан ипотекалық компаниясына күні ертең, 19-қарашада табыс етіледі.

Перейти к новостям спорта