"Бен Ладен групп" компаниясы Астана қаласындағы нысандар құрылысына қатысты дау бойынша бейбіт келісімге қол қою туралы мәселені қарауға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бен Ладен групп" компаниясы Астана қаласындағы нысандар құрылысына қатысты дау бойынша бейбіт келісімге қол қою туралы мәселені қарауға дайын

"Бен Ладен групп" компаниясы Астана қаласындағы нысандар құрылысына қатысты дау бойынша бейбіт келісімге қол қою туралы мәселені қарауға дайын

Бүгін, 18-қарашада ҚР Жоғарғы сотында "Бен Ладен групп" компаниясының шағымы қарала бастады. Сауд Арабиясының құрылыс компаниясы Астанадағы өзіне қарасты бірқатар жер учаскелерін басқа компанияларға аударып беруге байланысты шешімге наразылық білдіріп отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қараша 2004
  • 711
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2000-жылы қаланың әкімшілік кеңесі «Бен Ладен групп» ЖШС-іне тұрғын үй және сауда кешендерін, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу үшін Есілдің сол жақ жағалауынан 8 жер учаскесін берген. Алайда, кәсіпорын өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаған жоқ. Осыған байланысты Астана қалалық әкімшілігі аталған жер учаскелерін басқа құрылыс компанияларына беруге шешім қабылдады. Нәтижесінде, бұл 8 учаске көптеген жер телімдеріне бөлініп, құрылыс салу мақсатында үлестірілді. Қазір барлық учаскелерде дерлік құрылыс немесе жобалау жұмыстары жүргізілуде. Нысандардың кейбір бөлігі пайдалануға беруге де жақын.

Соған қарамастан, 2004-жылы «Бен Ладен групп» ЖШС учаскелердің қазіргі қожайындарына қарсы құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап етіп Астана қалалық сотына шағым түсірген. Алайда, судья Дариға Құрманова бұл талапты қанағаттандырмады. Сөйтіп, ЖШС қалалық соттың шешіміне қарсы Жоғарғы сотқа шағым түсірді.
Бүгін өткен тыңдау барысында сот мәжілісіне төрағалық жасаған ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Сансызбек Райымбаев тараптарға өзара мәмілеге келу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
Шағым иесінің өкілі, адвокат Павел Дмитриенконың айтуынша, компания дау бойынша бейбіт келісімге қол қою туралы мәселені қарауға дайын. Алайда, сот шырғалаңы басталғаннан бері жауап беруші жақтан мұндай ұсыныс мүлдем келіп түскен жоқ, деді ол.
Сот мәжілісі үзіліс жариялады. Келесі отырыс өтетін күн нақты белгіленген жоқ.

Перейти к новостям спорта