"Ақ жол" партиясы Ә.Бәйменовтың депутаттық мандаттан бас тартатыны туралы өтінішіне Орталық сайлау комиссиясынан күні бүгінге дейін ресми жауап алған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақ жол" партиясы Ә.Бәйменовтың депутаттық мандаттан бас тартатыны туралы өтінішіне Орталық сайлау комиссиясынан күні бүгінге дейін ресми жауап алған жоқ

"Ақ жол" партиясы Ә.Бәйменовтың депутаттық мандаттан бас тартатыны туралы өтінішіне Орталық сайлау комиссиясынан күні бүгінге дейін ресми жауап алған жоқ

"Ақ жол" партиясы қоғамдық бірлестіктің тең төрағасы Әлихан Бәйменовтың депутаттық мандаттан бас тартатыны туралы өтінішіне Орталық сайлау комиссиясынан күні бүгінге дейін ресми жауап алған жоқ. Бұл туралы "Ақ жол" партиясының жетекшілері бүгін, 18-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қараша 2004
  • 482
Фото - Caravan.kz

Партияның тең төрағалары өтінішті қарау мерзімінің тым ұзаққа созылып кетуіне таңырқап отыр. Ә.Бәйменовтың айтуынша, өтінішті қарау мерзімінің бұлайша сиырқұймышаққа салынуы «Орталық сайлау комиссиясының тек заңдарды ғана басшылыққа алмайтынына» нақты дәлел бола алады. «Бұл жерде биліктің шамалы абдырап қалғаны байқалады»,- деді «Ақ жол» партиясының тең төрағасы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ә.Бәйменовтың депутаттық мандаттан бас тартатыны туралы мәлімдемесі 2-қарашада таратылған. Осындай қадам арқылы партия жетекшілерінің бірі қыркүйек айында өткен парламент мәжілісінің сайлауында «билік тарапынан жол берілген жаппай заң бұзушылыққа және бұрмалаушылыққа» қарсылық білдірген.
Жұртшылыққа осындай мәлімдеме жасаған Ә.Бәйменов сонымен бір уақытта ҚР Орталық сайлау комиссиясына да мәлімдеме жолдады. 3-қарашада парламент отырысы барысында журналистерге сұхбат берген комиссия хатшысы В.Фосс Орталық сайлау комиссиясы бұл мәселені жуырда қарайтынын мәлімдеген. Ол сондай-ақ заңнамаға сәйкес Ә.Бәйменовтың депутаттық мандаты партиялық тізім бойынша «екінші тұрған адамға» берілуі тиіс екенін айтқан болатын.

Перейти к новостям спорта