«Осынау арнаулы техниканы біз ұзақ күттік. Бұған дейін қорықта бірде-бір қар машинасы болған жоқ»,- деді Ж.Әубәкіров. Ол сондай-ақ, орманда қыста қардың қалыңдығы кей жерлерде бір жарым метрге жететіндіктен, қарда жүретін көліктердің жоқтығы қорықшылардың жұмысына едәуір кедергі келтіргенін атап өтті.
Сондай-ақ, қорыққа ГАЗ-66 автокөлігінің негізінде өткіштік қабілеті жоғары 7 өрт машинасы берілді. Ж.Әубәкіровтың хабарлауынша, көліктердің бәрі де ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің жанындағы орман және аң шаруашылығы комитетінің шешімімен бөлінген.
Жалпы алғанда 2004-жылдың басынан бері «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман қорығына 30 автотехника, соның ішінде УАЗ-3159 маркалы 14, «Нива» маркалы 2 автокөлік берілді. Ж.Әубәкіровтың айтуына қарағанда, ҚР ауылшаруашылығы министрлігі бұл мақсатқа 62 млн. теңге бөлді. «Аймақтағы орман шаруашылықтарының автопаркі 1990-жылдан бері жаңаланбағанын ескерсек, бұл ауқымды көмек. Көліктердің басым бөлігінің әбден тозығы жетсе, көпшілігі тіпті жарамсыз болып қалды»,- деді ол.