Елімізде 2004-жылдың 10 айында электр қуатын өндіру көлемі 5 процентке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 2004-жылдың 10 айында электр қуатын өндіру көлемі 5 процентке артты

Елімізде 2004-жылдың 10 айында электр қуатын өндіру көлемі 5 процентке артты

Елімізде 2004-жылдың 10 айында электр қуатын өндіру көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 5 процентке артты. Бұл туралы бүгін, 19-қарашада Астанада энергетиктердің екінші республикалық кеңесі барысында "KEGOС" АҚ-ның президенті Қанат Бозымбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қараша 2004
  • 344
Фото - Caravan.kz

Қ.Бозымбаевтың айтуынша, 2004-жылдың 10 айында электр қуатын өндіру көлемі 53,72 млрд. кВт/сағ құрады. KEGOС президентінің нақтылауынша, 2003 жыл бойына 63,7 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндірілген.

«Қазақстаннан Ресейге экспортталған электр қуатының көлемі 2004-жылдың 10 айында 2003-жылғы жалпы көлемнен асып түсті»,- деді Қ.Бозымбаев. Оның мәліметіне сүйенсек, 2004-жылдың 10 айында Ресейге экспортталған электр қуатының көлемі 3,956 млрд. кВт/сағ болды, ал былтыр бүтіл жыл бойы 3,83 млрд. кВт/сағ электр қуаты экспортталған.
«Сөйтіп, Қазақстанның электр қуатын өндіру саласы экспортқа бағытталған салаға айнала отырып, сонымен бір уақытта ұлттық электр желісінің транзиттік әлеуетін арттыра түсуде»,- деді Қ.Бозымбаев.

Перейти к новостям спорта