Қазақстан 2012-жылы электр қуатын өндіру көлемін 87 млрд. кВт/сағ жеткізе алады - KEGOС - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2012-жылы электр қуатын өндіру көлемін 87 млрд. кВт/сағ жеткізе алады - KEGOС

Қазақстан 2012-жылы электр қуатын өндіру көлемін 87 млрд. кВт/сағ жеткізе алады - KEGOС

Қазақстан 2012-2013 -жылдары электр қуатын өндіру көлемін 1990-жылғы деңгейге жеткізе алады. Бүгін, 19-қарашада Астанада энергетиктердің екінші республикалық кеңесі барысында "KEGOС" АҚ-ның президенті Қанат Бозымбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қараша 2004
  • 347
Фото - Caravan.kz

«Егер электр қуатын өндіру мөлшері республикамызда жыл сайын осындай қарқынмен өссе, яғни, биылы 10 айдағыдай 5-10 процентке өсіп отыратын болса, 1990-жылғы деңгейге 2012-2013-жылдары қол жеткізе аламыз»,- деді ол.

Қ.Бозымбаевтың айтуынша, 1990-жылы елімізде 87,38 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндірілген. 2004-жылдың 10 айында электр қуатын өндіру көлемі 53,72 млрд. кВт/сағ құрады. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 5 процентке артық. KEGOС президенті сондай-ақ 2002-жылғымен салыстырғанда 2003-жылғы мөлшер 9,5 процентке артқанын ескерте кетті.

Перейти к новостям спорта