Құқық қорғау мекемелері мен кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастық Алматыдағы іскерлік ауанды тұрақтандырды - әкімшілік - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құқық қорғау мекемелері мен кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастық Алматыдағы іскерлік ауанды тұрақтандырды - әкімшілік

Құқық қорғау мекемелері мен кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастық Алматыдағы іскерлік ауанды тұрақтандырды - әкімшілік

Құқық қорғау мекемелері мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастық Алматыдағы іскерлік ауанды тұрақтандырды. Бүгін, 19-қарашада бақылаушы мекемелер тарапынан кәсіпкерлік субьектілерді тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған дөңгелек үстел барысында Алматы қалалық әкімшілігінің шағын бизнес департаментінің директоры Серік Тұржанов осындай пікір білдірді.

  • 19 Қараша 2004
  • 603
Фото - Caravan.kz

С.Тұржановтың айтуынша, шағын бизнес кәсіпорындарын тексеруге мораторий жариялау нәтижесінде Алматыдағы бақылаушы мекемелер кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің қолдауымен жұмыс үрдістерін өзгертіп, жазалау принциптерінен кәсіпкерлер тарапынан заң бұзушылықтың алдын алуға көшті. Прокуратурада тіркелмеген тексерулер іс жүзінде тыйылды. Нәтижесінде салынған айыппұлдар мөлшері 2003-жылғы 12 млрд. теңгеден 2004-жылғы өткен мерзімде 2 млрд. теңгеге дейін азайды. Департамент болжамы бойынша, 2004-жылы айыппұлдар мен өсімпұл мөлшері 3-4 млрд. теңгеден аспайды. Мемлекеттік мекемелермен ынтымақтастықтың пайдалылығын түсінген кәсіпкерлер мұндай диалогты алдағы уақытта да дамытуға дайын, деді С.Тұржанов.

Алайда, толық бақылауға алынбайтын тексерулер әлі де тыйылмай отыр. Сол себепті Алматы кәсіпкерлер қауымдастығы бақылаушы мекемелердің кез-келген тексеруін міндетті түрде прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асыру туралы ұсыныспен шығып отыр. Осыған байланысты департамент директоры ҚР Бас прокуратурасының басшылығына кәсіпкерлер мүддесін қорғау жөніндегі бөлімше құру мәселесін қарау туралы ұсыныс жасады.
Алматы қалалық әкімшілігі шағын және орта бизнестің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете бермек. Атап айтсақ, шағын бизнесті дамыту жөніндегі қосымша арнаулы аймақтар құрылып, қосымша инфрақұрылым қалыптасады.
С.Тұржановтың айтуынша, бүгінде шағын кәсіпкерлік саласы Алматы қалалық бюджетінің 65 процентін қалыптастырып отыр. Қалада 47 мың шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді. Оларда 1,2 млн. адамға мекен болған Алматының 600 мың тұрғыны еңбек етуде.

Перейти к новостям спорта