ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сембинов АҚШ-та екі ел арасындағы әскери ынтымақтастыққа арналған біраз келіссөздер жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сембинов АҚШ-та екі ел арасындағы әскери ынтымақтастыққа арналған біраз келіссөздер жүргізді

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сембинов АҚШ-та екі ел арасындағы әскери ынтымақтастыққа арналған біраз келіссөздер жүргізді

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сембинов АҚШ-та екі ел арасындағы әскери ынтымақтастыққа арналған біраз келіссөздер жүргізді. Бұл турал KZ-today тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қараша 2004
  • 413
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Б.Сембиновтың сапары АҚШ Қорғаныс министрлігінің шақыруы бойынша 15-қарашада басталған. Сапар барысында Қорғаныс министрінің орынбасары АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Армитадж, АҚШ Қорғаныс министрінің орынбасары Мирра Риккардел, АҚШ Қорғаныс министрінің көмекшісі Джеймс МакДугалл мырзалармен келіссөздер жүргізді. Кездесулерде екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жөніндегі бес жылдық жоспарды, соның ішінде, халықаралық әскери қаржыландыру (ҒМҒ) және халықаралық әскери дайындық және білім беру (ІМЕТ) бағдарламалары бойынша өзара ынтымақтастықты жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында «Қауіп-қатерді бірлесе азайту» бағдарламасына сәйкес техникалық қамтамасыздық және қызмет көрсету салалары бойынша ҚР мен Солтүстік Атлантикалық Альянс (НАТО) арасындағы ынтымақтастық, Қазақстан мүддесі мен Стамбул саммитінің қорытындыларын ескеру негізінде лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне де назар аударылды.
Сондай-ақ, Ауғанстан мен Ирак, Қазақстанның Ирактағы бітімгершіл күштерін қамтамасыз ету мәселелері де тиянақталды.
ҚР Қорғаныс министрі орынбасарының сапар бағдарламасында бұған қоса АҚШ Ұлттық қорғаныс университетін аралау, онда әскери мамандар дайындау және әскери білім беру жүйесін жетілдіру үрдісімен танысу, өзара тәжірибе алмасу, өзара тыңдаушылар алмасу, ҚР Қарулы күштері ұлттық қорғаныс университетімен арадағы ынтымақтастықты дамыту және өзара жақын байланыстар орнату мәселелерін талқылау көзделген.
Сонымен бірге АҚШ-тың С-300 әскери-тасымал ұшақтарының техникалық мүмкіндіктерімен танысу және оларды Қазақстанның Әскери Әуе күштеріне сатып алу мақсаттарын ескеру негізінде Б.Сембинов осы елдің бір әуе базасында болады.

Перейти к новостям спорта