Ерлан Ыдырысов Қазақстанның оппозициялық күштерінің Лондондағы бейресми кездесуіне жеке бастамасы бойынша қатысқан - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлан Ыдырысов Қазақстанның оппозициялық күштерінің Лондондағы бейресми кездесуіне  жеке бастамасы бойынша қатысқан - ҚР СІМ

Ерлан Ыдырысов Қазақстанның оппозициялық күштерінің Лондондағы бейресми кездесуіне жеке бастамасы бойынша қатысқан - ҚР СІМ

Ерлан Ыдырысов Қазақстанның оппозициялық күштерінің Лондондағы бейресми кездесуіне жеке бастамасы бойынша қатысқан. "Ұлыбританиядағы Қазақстан елшісіне ҚР СІМ тарапынан мұндай тапсырма берілген жоқ". Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров қазақстандық елшінің жуырда өткен "Еуразиядағы демократия: тереңдігі және қарқыны" тақырыбы бойынша өткен бас қосуға қатысуына байланысты KZ-today ақпараттық агенттігінің сауалына берген жауабында хабарлады.

  • 19 Қараша 2004
  • 466
Фото - Caravan.kz

Жауапта атап көрсетілгеніндей, Е.Ыдырысов конференция аясындағы пікірталасқа «парламент сайлауының қорытындысы және республикадағы демократиялық процестердің барысына қатысты Қазақстанның ресми ұстанымын жария ету үшін қатысқан».

Сонымен бірге СІМ өз өкілінің конференциядан кейін өткен Қазақстанның оппозициясы серкелерінің бейресми кездесуіне қатысу дерегінен бойын аулақ салуға тырысып, елшіге бұл туралы тапсырма берілмегенін мәлімдейді.
«Еуразиядағы демократия: тереңдігі және қарқыны» тақырыбы бойынша конференция Ұлыбритания астанасында 12-қарашада өткен. Сөйтіп, Лондон Қазақстанның оппозиция өкілдірінің бас қосатын орнына айналды. Соңғы жылдары республикалық оппозициялық күштердің консультациялары мен түрлі форумдары дәл осында өткізіліп келеді. Белгілі ақпарат бойынша, бұл жолғы конференцияны International Freedom Network бейресми ұйымы мен Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэрдің қолдауымен жұмыс істейтін The Foreign Policy Centre сараптама орталығы ұйымдастырған.

Перейти к новостям спорта