Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жатқызылды

Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жатқызылды

Қарағанды облысындағы Астана-Қарағанды тас жолының бойында, Бұхар Жырау ауданы Покорное ауылынан екі шақырым жерде 21-қарашада "Мицубиси" автокөлігінің жүргізушісі "Газель" автокөлігімен соғысып қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қараша 2004
  • 334
Фото - Caravan.kz

Жол апаты салдарынан шағын автобус жанып кетті. «Газельдің» жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Оның аты-жөні қазір анықталып жатыр. Көлікте отырған төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды. Өртті төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өртке қарсы күрес қызметі апаттан бір сағаттан кейін сөндірді.

Сондай-ақ, 21-қарашада Павлодар облысында Павлодар-Екібастұз тас жолының 66-шақырымында «ВАЗ-21083» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан «Жигулидің» бір жүргіншісі оқиға орнында опат болса, жүргізуші мен екінші жолаушы ауруханаға түсті.
Алматыда «Мерседес-280» автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жолаушыны қағып кетті. Олардың бірі 6 жасар бала. Ол оқиға орнында мерт болды.

Перейти к новостям спорта