2005-жылдан бастап Қазақстанда 1-5 жас аралығындағы балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдан бастап Қазақстанда 1-5 жас аралығындағы балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі

2005-жылдан бастап Қазақстанда 1-5 жас аралығындағы балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі

Қазақстанда 2005-жылдан бастап денсаулық сақтау саласын жаңалау және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында денсаулық сақтау министрлігі 1-5 жас аралығындағы балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шарасын іске асырады. Жүкті әйелдер құрамында темірі мен йоды бар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін, 22-қарашада "Қазақстан Республикасында 2005-2010-жылдарға дейін денсаулық сақтау саласын дамыту және жаңалауға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы" үкіметтік сағат барысында депутаттар сауалына жауап берген ҚР денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қараша 2004
  • 733
Фото - Caravan.kz

Министрдің ақпаратына сүйенсек, бұл мақсатқа 1269,1 млн. теңге бөлінеді. 2006-жылдан бастап диспансерде тіркеуде тұрған балалар мен жасөспірімдерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көзделген. Бұл мақсатқа 2006-жылы 1046,6 млн. теңге бөлінеді. Е.Досаевтың айтуынша, «азаматтарды дәрі-дәрмектермен тегін және жеңілдетілген бағаға қамтамасыз ету — дүниежүзінде мойындалған тәжірибе және ол ауруханаға себепсіз жатқызбауға әсер ететін ең ықпалды тетіктердің бірі».

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, ана мен баланың денсаулығын қорғау саласында денсаулық сақтау министрлігі «балаларға жоғары сапалы дәрігерлік көмек көрсетуді дамытуға, тұқым қуалайтын және туа біткен дерттерді тумай тұрып анықтайтын скринингтік бағдарламаларды енгізуге бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық актілер жобасын жасады». Сонымен бірге балаларға арналған және перзентхана ұйымдарын дәрігерлік жабдықтармен қамтамасыз етуге мақсатты трансферттер бөлу межеленген. Е.Досаевтың айтуынша, бұл жұмыс 2008-жылы аяқталады.
Мемлекеттік бағдарлама аясында «еліміз тұрғындары жаппай тегін профилактикалық дәрігерлік байқаудан өту мүмкіндігіне ие болады»,- деді министр. Мәселен, 2005-жылы 20-34 жас аралығындағы бала туу қабілеті бар әйелдер, 2006-2007-жылдарда 49 жасқа дейінгі барлық әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балалар, 2008-2010-жылдарда еліміздің басқа тұрғындары жаппай тегін профилактикалық дәрігерлік байқаудан өтеді.

Перейти к новостям спорта