2010-жылы Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру үлесі Жалпы ішкі өнімнің 4 процентін құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2010-жылы Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру үлесі Жалпы ішкі өнімнің 4 процентін құрайды

2010-жылы Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру үлесі Жалпы ішкі өнімнің 4 процентін құрайды

2010-жылы Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру үлесі Жалпы ішкі өнімнің 4 процентін құрайды. Бұл туралы бүгін, 22-қарашада "Қазақстан Республикасында 2005-2010-жылдарға дейін денсаулық сақтау саласын дамыту және жаңалауға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы" үкіметтік сағат барысында депутаттар сауалына жауап берген ҚР денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қараша 2004
  • 1245
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, «Қазақстан Республикасында 2005-2007-жылдарға дейін денсаулық сақтау саласын дамыту және жаңалауға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға» 165,7 млрд. теңге бөлініп, оның көлемі 2010-жылы Жалпы ішкі өнімнің 4 процентіне дейін жеткізіледі. 2005-жылы Қазақстанда алғаш рет саланы қаржыландыру көлемі Жалпы ішкі өнімнің 3 процентінен асады, деді ол.

Е.Досаевтың хабарлауынша, 2005-жылға арналған республикалық бюджетте денсаулық сақтау саласына арналған шығындар көлемі 26,5 млрд. теңгеге немесе 2004-жылғымен салыстырғанда 87,5 процентке артады.

Перейти к новостям спорта