Халық арасында қызылшаға қарсы вакцина егу шарасын бастамас бұрын ҚР денсаулық сақтау министрлігі препаратты қосымша тексеруден өткізбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық арасында қызылшаға қарсы вакцина егу шарасын бастамас бұрын ҚР денсаулық сақтау министрлігі препаратты қосымша тексеруден өткізбекші

Халық арасында қызылшаға қарсы вакцина егу шарасын бастамас бұрын ҚР денсаулық сақтау министрлігі препаратты қосымша тексеруден өткізбекші

Халық арасында қызылшаға қарсы вакцина егуге бағытталған ұлттық шараны бастау мерзімі вакцинаны тексеруге байланысты кейінге шегерілді. Бұл туралы бүгін, 22-қарашада үкіметтік сағат барысында депутаттар сауалына жауап берген ҚР денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қараша 2004
  • 2003
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрлігі 15-25 жас аралығындағы азаматтар арасында вакцина егу науқанын 2004-жылдың қазан-қараша айларында жүзеге асыруды межелеп, сол үшін арнаулы вакцина сатып алынды. Алайда, министрдің айтуынша, вакцинаны қосымша тексеру талабына сәйкес оны егу шарасы келесі жылға шегеріліп отыр. Сатып алынған вакцинаға «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнаулы сертификаты берілген» және бұл препарат батыс Еуропада қолданылған, деді Е.Досаев. Дегенмен, аузы күйіп қалған министрлік «сақтық» мақсатымен вакцинаны қосымша зерттеуге жіберді, деді Е.Досаев.

Министрдің түсініктемесіне сәйкес, елімізде қызылша дерті 5 жылда бір мәрте етек алады. Биыл мұндай оқиға негізінен Алматыда, студенттер арасында таралды.
Е.Досаев еліміздің түрлі аймақтарында денсаулық сақтау министрлігіне қарсы балалары Сербияның БЦЖ вакцинасынан зардап шеккен ата-аналар тарапынан сотқа 29 шақым түсірілді деп хабарлады. «Ата-аналардың денсаулық сақтау министрлігіне айып тағуы орынды, бірақ мәселе сол шағымның құнында»,- деді қалыптасқан ахуалға түсініктеме берген министр.
Ол сондай-ақ Сербияның БЦЖ вакцинасынан зардап шеккен балалар түгелдей «емхана және стационар жағдайында қажетті емдеуден өткенін» хабарлады. Бұл балалардың әрқайсысы жіті бақылауға алынды және «бұл істі біз жалғастыра береміз»,- деді Е.Досаев. Оның айтуынша, вакцина егілген 200 мың баланың 1063-і ауруы асқынып зардап шеккен.

Перейти к новостям спорта