Халыққа тегін әрі кепілді дәрігерлік көмек көрсету көлемі 2004-жылдың аяғына дейін айқындалады - ҚР денсаулық сақтау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халыққа тегін әрі кепілді дәрігерлік көмек көрсету көлемі 2004-жылдың аяғына дейін айқындалады - ҚР денсаулық сақтау министрі

Халыққа тегін әрі кепілді дәрігерлік көмек көрсету көлемі 2004-жылдың аяғына дейін айқындалады - ҚР денсаулық сақтау министрі

Халыққа емхана және стационар жағдайда тегін әрі кепілді дәрігерлік көмек көрсету көлемі 2004-жылдың аяғына дейін айқындалады. Бұл туралы бүгін, 22-қарашада "Қазақстан Республикасында 2005-2010-жылдарға дейін денсаулық сақтау саласын дамыту және жаңалауға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы" үкіметтік сағат барысында депутаттар сауалына жауап берген ҚР денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қараша 2004
  • 687
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, тегін дәрігерлік көмектің кепілді көлемін қалыптастырудың негізгі принципі халықтың дәрігерлік көмекке қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және бұл көлемнің мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктеріне сай келуіне негізделеді.

Е.Досаевтың айтуынша, министрлік «Тегін дәрігерлік көмектің кепілді көлемінің тізімін бекіту туралы» үкімет қаулысының жобасын жасап бітірді. Алдағы уақытта бұл құжат жергілікті атқарушы органның қарауына ұсынылады.
Министрдің айтуынша, мұндай келісімге қол жеткізудегі мақсат — алдағы уақытта қаржы тапшылығы деген сылтау алдан шықпау үшін жергілікті атқарушы билік тарапынан тегін дәрігерлік көмектің кепілді көлемін нақты қамтамасыз етуді көздейді.
Министрдің айтуынша, «елімізде дәрігерлік көмектің кепілді көлемі туралы мәселе күрделі талқылаудан өткен жоқ. Ал ҚР үкіметінің «Тегін дәрігерлік көмектің кепілді көлемін бекіту туралы» 2000-жылғы 27-қаңтардағы №135 қаулысы бойынша жүктелген міндеттемелер мемлекет қолының қысқалығынан орындалмады.

Перейти к новостям спорта