2005-жылы Маңғыстауда консьерждер институты пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы Маңғыстауда консьерждер институты пайда болады

2005-жылы Маңғыстауда консьерждер институты пайда болады

2005-жылы Маңғыстау облысындағы Ақтау және Жаңаөзен қалаларында қоғамдық тәртіпті консьерждер қадағалайтын болады. Тәжірибе ретінде Ақтау қалалық еңбек, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінде ресми тіркеуде тұрған 20 жұмыссыз консьерж қызметіне тартылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Маңғыстау облыстық ІІБ-ның қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Бейбітқали Төлтаев хабарлады.

  • 22 Қараша 2004
  • 486
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, егер тәжірибе табысты болса, алдағы уақытта облыс орталығындағы тәртіпті 200 консьерж, Жаңаөзендегі тәртіпті 100 консьерж қадағалайтын болады.

Б.Төлтаевтың айтуынша, консьерж ретінде адамдар жұмысқа ерікті түрде шақырылады. Бұл жұмысқа кәмелеттік жасқа жеткен, әлеуметтік және нәсілдік шығу тегіне, діни нанымына қарамастан, полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қорғау ісінде қолғабыс көрсетуге әзірлік танытқан кез-келген адам жұмылдырыла алады.
Консьерж тәртіп бұзуға бейім адамдар туралы ақпарат жинау, ішімдікке салыну, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастарды бұзу тәрізді қоғамдық үрдіске қайшы тұрмыс кешетін көршілері туралы ақпарат жинауға міндетті, деді Б.Төлтаев. Сонымен бірге қарауыл үйде күдікті адамдар жиналып, ішімдік, есірткі және психотроптық заттар тұтынатын пәтерлердің пайда болғаны туралы ақпарды тез арада жеткізіп отыруы тиіс. Сонымен бірге консьерж көші-қон заңын бұзатын және бұзған, сол үйде уақытша тұратын шетел азаматтарын жіті қадағалауы тиіс.
Сонымен бірге ол өз іс-қызметін өзі тұратын ауданның учаскелік полиция инспекторымен тығыз байланыста жүзеге асыруы тиіс.
Учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысы 9900 теңгені құрайды. Қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді.
Бүгінде консьерж қызметінен үміткер адамдардың тізімі жасалуда. Іріктеп алынған адамдар тиісті оқудан өтеді. Үміткерлердің тізімі қалалық әкімшілікке жолданып, ол жерде қаралғаннан кейін, олар арнайы тіркеуге алынып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші адамдар ретінде есепке алынады. Уақыт өте келе консьерждерге қызмет куәлігі беріледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қоғамдық тәртіпті сақтаудың мұндай тәсілі алғаш рет Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында қолданысқа енгізілді. Онда 194 консьерж жұмыс істейді. Облыстық тәртіп сақшыларының айтуынша, нәтижесінде аймақтағы қылмыстық ахуал тыныштала түсті.

Перейти к новостям спорта