Үндістан мен Қазақстанның кәсіпкер әйелдері сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістан мен Қазақстанның кәсіпкер әйелдері сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда

Үндістан мен Қазақстанның кәсіпкер әйелдері сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда

Үндістанның кәсіпкер әйелдері консорциумының шақыруымен Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасы одағының өкілдері Үндістанда жүр. Өкілдер құрамына республиканың шағын және орта бизнес саласында қызмет ететін әйелдер кірген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-інен хабарлады.

  • 23 Қараша 2004
  • 642
Фото - Caravan.kz

Делегация жыл сайын өтетін «India International Trade Fair 2004» атты халықаралық көрме аясында ұйымдастырылған әйел-кәсіпкерлердің халықаралық конференциясы мен кездесуіне қатысты.

Форумда қазақстандық өкілдердің жетекшісі, сауда-өнеркәсіп палатасы одағының вице-президенті Татьяна Жданова сөз сөйлеп, Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде әйелдер ролінің артып келе жатқанын атап өтті.
Сапар барысында қазақстандық өкілдер Үндістанның ресми және іскерлік өкілдерімен кездесіп, түрлі салалы кәсіпорындарды аралады.
«Өткен кездесулер екі елдің іскерлік салаларының екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды дамыта түсуге деген қызығушылығы артқанын тағы бір дәлелдеп берді»,- дейді ҚР СІМ.

Перейти к новостям спорта