Үкімет әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетуге бағытталған 2005-2007-жылдарға арналған бағдарламаны мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетуге бағытталған 2005-2007-жылдарға арналған бағдарламаны мақұлдады

Үкімет әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетуге бағытталған 2005-2007-жылдарға арналған бағдарламаны мақұлдады

Бүгін, 23-қарашада Астанада үкіметте өткен мәжілісте "2005-2007-жылдар аралығында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету жөніндегі" бағдарлама мақұлданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қараша 2004
  • 645
Фото - Caravan.kz

«Бұл бағдарламаның басты мақсаты — халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік стандарттарды тереңдете жетілдіру болып табылады»,- деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова. Оның айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыруға алдағы үш жылда республикалық бюджеттен 182 млрд. теңге қосымша қаржы талап етіледі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үшінші шақырылған парламент сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің алдына әлеуметтік қорғау саласын реформалау бағытында бірқатар мақсаттар қойды. Атап айтсақ, президент еліміздегі барлық әлеуметтік төлемдерді айлық есептік көрсеткіш негізінде емес, күнкөріс минимумының негізгі әлеуметтік индикаторы негізінде есептеу қажеттігін ұсынды. Елбасының пікірінше, бұл ең төменгі тұтынымды қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыруға және зейнетақы төлемдерінің өсімін алғашқы кезеңнің өзінде орта есеппен 20 процентке өсіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Н.Назарбаев сондай-ақ, 2006-жылдан бастап барлық зейнеткерлерге еңбек өтіліне, жалақысына және зейнетақы мөлшеріне қарамастан қазіргінің үстіне қосымша базалық зейнетақы атты ай сайынғы төлемдерді қосуды ұсынды. Оның мөлшері шамамен 1,5 мың теңге болуы тиіс. «Кейін біз оның мөлшерін күнкөріс минимумының 75 процентіне жеткізуге тиіспіз»,- деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасы 2006-жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балалар мен әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларды «атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан шығарып», ай сайынғы жәрдемақы тағайындауды ұсынды. Сондай-ақ, президент 2006-жылдан бастап төрттен көп баласы бар, 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» төс белгісімен марапатталған аналарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін екі еседен асыра қосуды ұсынды. 2007-жылы 1 жасқа дейінгі баланың бағым-күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақы енгізу көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта