Қазақстан елшісі Швейцария президентіне сенім хатын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан елшісі Швейцария президентіне сенім хатын табыс етті

Қазақстан елшісі Швейцария президентіне сенім хатын табыс етті

23-қараша, сейсенбіде Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Әбусейітов Швейцария Конфедерациясының президентіне сенім хатын табыс етті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Қараша 2004
  • 365
Фото - Caravan.kz

Сенім хатын табыс ету рәсімінен кейінгі сұхбат барысында тараптар екі жақты байланыстардың оң сипатта дамып келе жатқанын атай отырып, қазіргі әлеуетті түрлі саладағы ынтымақтастықтарды одан әрі тереңдету мақсатында пайдалануға ниет білдірді.

Қ.Әбусейітов Ж.Дайсс пен Швейцария халқына Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан игі тілектерін жеткізді.
Бұған дейін Қазақстан елшісі Женевадағы халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілінің сенім хатын БҰҰ бөлімінің бас директоры Сергей Орджоникидзеге табыс еткен. Кездесу барысында елшілер республиканың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығына қатысты проблемаларды талқылап, 2005-жылы БҰҰ-ның 60-жылдық мерейтойы аясында өткізілетін шаралар төңірегінде пікір алмасты.

Перейти к новостям спорта