"ҚазМұнайГаз" бұрғылау және мұнайөнеркәсібі жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталықтар құруды пәрмендендірмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазМұнайГаз" бұрғылау және мұнайөнеркәсібі жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталықтар құруды пәрмендендірмекші

"ҚазМұнайГаз" бұрғылау және мұнайөнеркәсібі жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталықтар құруды пәрмендендірмекші

"ҚазМұнайГаз"ҰК"АҚ республиканың машина жасау зауыттарынан алатын бұрғылау және мұнайөнеркәсібі жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталықтар құруды пәрмендендірмекші. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Қараша 2004
  • 903
Фото - Caravan.kz

Республика рыногында осындай қызмет түрінің мүлдем дерлік жоқтығына байланысты тез арада сервистік орталықтар құру қажеттігі туындап отыр. «Бүгінде отандық өнім өндірушілерден алған техникаға сервистік қызмет көрсету, қолданыстағы жабдықтарды жөндеу және оларды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі артты. Әзірге иемденілмеген осынау саланы шетелдік компаниялар игере алады»,- деді «ҚазМұнайГаз» ҰК-ның өкілі Мұхит Әбдірахманов.

Бұл мақсатты жүзеге асыруға «»ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ тәрізді компанияның еншілес кәсіпорындары мен республиканың машина жасау зауыттары атсалысады.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның құрамына «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ, «Мұнаймаш» ЖШС, » С. Кирова атындағы зауыт» АҚ, «Металлист»АҚ, «Зенит» Ақ тәрізді 9 кәсіпорын кіреді.

Перейти к новостям спорта