Қазақстан адам саудасымен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан адам саудасымен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға қол қойды

Қазақстан адам саудасымен күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға қол қойды

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығына сәйкес БҰҰ-ның жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Ержан Қазыханов адам саудасымен және үшінші жақ тарапынан жезөкшелік жолымен адамды қанауға қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға, сондай-ақ, аталмыш конвенцияға қосымша қорытынды хаттамаға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ.

  • 24 Қараша 2004
  • 559
Фото - Caravan.kz

Конвенция мен оған қосымша қорытынды хаттама 1950-жылы 21-наурызда Нью-Йорк қаласында жасалған. Қазақстандық өкіл бұл құжатқа БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы бас пәтерінде 2004-жылдың 17-қарашасында қол қойды.

ҚР сыртқы саясат мекемесінің түсініктемесіне сәйкес, қол қойылған халықаралық келісімдердің ережесіне сәйкес, оған қатысушы мемлекет адам саудасына және жезөкшелікке байланысты қылмыстардың алдын алуға қажетті барлық шараларды қолдануға және осындай әрекеттерге қатысы бар адамдарды жазалауға міндетті. Мұндай шаралар конвенцияға қатысушы елдер арасындағы тығыз ықпалдастық негізінде БҰҰ-ның үйлестіруімен жүзеге асырылады.