ҚР парламенті "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңға өндіріс және тұтыным қалдықтары жөніндегі мәселелер бойынша енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР парламенті "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңға өндіріс және тұтыным қалдықтары жөніндегі мәселелер бойынша енгізілетін түзетулерді қабылдады

ҚР парламенті "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңға өндіріс және тұтыным қалдықтары жөніндегі мәселелер бойынша енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін, 24-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңға өндіріс және тұтыным қалдықтары жөніндегі мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Қараша 2004
  • 1648
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенаторлар енгізген түзетулер «қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қорлардың іс-қызметін реттеу саласы бойынша ҚР Бюджеттік кодексімен арадағы қайшылықты жоюға» бағытталады.
Заң жобасының мақсаты осы саладағы мемлекеттік мекемелердің міндеттерін реттеу және қалдықтармен қарым-қатынас саласына норма жүйесін енгізу болып табылады. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңға енгізілетін өзгерістер заңды және жеке тұлғалардың қалдықтармен қарым-қатынасқа бағытталған іс-қызметтерін реттеуге, қалдықтардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін жоюға және оның алдын алуға қажетті құқықтық алғышарттарды қалыптастыруға жағдай жасайды деп күтілуде.