Еліміздің батыс өңірлерінде бұрқасын соғады деп күтілуде - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің батыс өңірлерінде бұрқасын соғады деп күтілуде - Қазгидромет

Еліміздің батыс өңірлерінде бұрқасын соғады деп күтілуде - Қазгидромет

"Қазгидромет" РМК бүгін, 24-қарашада Атырау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында бұрқасын соғады деген ескерту жариялады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің республикалық дағдарыс орталығынан хабарлады.

  • 24 Қараша 2004
  • 435
Фото - Caravan.kz

Күн райының осындай өзгерісі күтілуіне байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің республикалық дағдарыс орталығы аталмыш облыстардың төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық басқармаларының басшылығына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасауға шаралар қолдануды тапсырды.

Сондай-ақ, «Қазгидромет» ақпаратына сәйкес, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетсе, Қостанай облысында кей жерлерде көктайғақ болады деп күтілуде. Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылода облыстарында түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі.

Перейти к новостям спорта