ҚР ІІМ Алматыдағы сәулетті үйлерге қарақшылық шабуыл жасауды кәсіпке айналдырған тұрақты қылмыстық топты құрықтау шарасын жүзеге асырды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ Алматыдағы сәулетті үйлерге қарақшылық шабуыл жасауды кәсіпке айналдырған тұрақты қылмыстық топты құрықтау шарасын жүзеге асырды

ҚР ІІМ Алматыдағы сәулетті үйлерге қарақшылық шабуыл жасауды кәсіпке айналдырған тұрақты қылмыстық топты құрықтау шарасын жүзеге асырды

ҚР ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі оңтүстік аймақтық басқармасы Алматыдағы сәулетті үйлерге қарақшылық шабуыл жасауды кәсіпке айналдырған тұрақты қылмыстық топты құрықтау шарасын табысты жүзеге асырды. Бұл туралы бүгін, 24-қарашада ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Қараша 2004
  • 403
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұтқындау шарасы 23-қарашаға қараған түнде жүзеге асырылды. Операцияға «Сұңқар» тобы, ҚР ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі оңтүстік аймақтық басқармасының оперативтік топтары мен ҚР ІІМ-нің аса қауіпті қылмыстармен күресті үйлестіру орталығының қызметкерлері қатысты.

Бес қылмыскер Таугүл ауылында Германия азаматы жалдап тұратын жеке меншік үйге қарақшылық шабуыл жасамақшы болып жатқан жерінен қолға түсті. Ұсталғандардан 9 оғы бар ПМ тапаншасы, екі аңшы пышағы, газ баллоны, пластик терезелерді жағуға арналған аспаптар тәркіленді.
ҚР ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі оңтүстік аймақтық басқармасының мәліметі бойынша, құрықталған қылмыстық топ осыған ұқсас басқа да бірнеше қылмысқа қатысты деген күдік бар.

Перейти к новостям спорта