Құжатты ҚР қаржы министрлігі, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, Ұлттық Банк пен ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі тәрізді мемлекеттік органдар әзірлеген. Тұжырымдама жобасын әзірлеуге Қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері, Қазақстанның Ұлттық қорын құруға балама негіз ретінде алынған тұрақтандыру қорлары мен болашақ ұрпаққа арналған қорлары саласында қызмет ететін бірқатар шетелдік сарапшылар да тартылған.
Құжатта Норвегия, Венесуэла, Чили, АҚШ тәрізді елдердің балама қорларының жұмысы мен оларды құруға бағытталған халықаралық тәжірибеге талдау жасалады. Соның негізінде Қазақстанның Ұлттық қорының жұмысын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.
Тұжырымдама аясында Ұлттық қор активтерін басқару және пайдалану, қалыптастыру бағытындағы орта мерзімді негізгі көзқарастар, мақсаттар мен міндеттер анықталады.
Жақын уақытта құжаттың жобасы экономикалық саясат жөніндегі кеңестің қарауына ұсынылады деп күтілуде.