2004-жылдың 1-қарашасындағы жағдаймен республикада жинақталған зейнетақы активтері 454 млрд. теңге болды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың 1-қарашасындағы жағдаймен республикада жинақталған зейнетақы активтері 454 млрд. теңге болды

2004-жылдың 1-қарашасындағы жағдаймен республикада жинақталған зейнетақы активтері 454 млрд. теңге болды

Зейнетақы жинақтау жүйесі дами бастаған 7 жылдан бері және 2004-жылдың 1-қарашасындағы жағдаймен республикада жинақталған зейнетақы активтері 454 млрд. теңге болды. 1999-жылдың қаңтар айынан бері зейнетақы активтерінің мөлшері 19 есе өсті. 2004-жылы жылдық өсім 100 миллиарды құрамақ. Бұл туралы бүгін, 24-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Ұлар Үміт" Зейнетақы жинақтау қорының президенті Салтанат Елшібекова хабарлады.

  • 24 Қараша 2004
  • 476
Фото - Caravan.kz

С.Елшібекованың айтуынша, салымшылардың дербес зейнетақы есепшоттарына аударылған инвестициялық кіріс көлемі бүгінгі жағдаймен 107 млрд. теңгені, немесе, жалпы салымдар көлемінің 30 процентін құрап отыр. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері 25 млрд. теңгеге жетті. Алайда, С.Елшібекованың айтуынша, «2004-жылдың 1-қарашасындағы жағдаймен зейнетақы қорларының нақты кірістілік көрсеткіші минус 3 процентті (ал номиналдық кіріс — 3,9 процент) құрап отыр, бұл салымшылардың зейнетақы жинақтарына кері әсер етеді».

С.Елшібекованың айтуынша, бүгінгі жағдаймен зейнетақы қорларының жалпы инвестициялық қоржыны құрылымында мемлекеттік бағалы қағаздардың үлес салмағы 53 процентті құрап отыр. «Ал корпоративтік бағалы қағаздар саласына зейнетақы активтерінің 50 процентін жұмсау мүмкіндігіне қарамастан, қазір ебәрі 32 проценті ғана отандық кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларын сатып алуға жұмсалған. Бұл дегеніміз, зейнетақы қорларының «ұзақ мерзімді ақшасының» 144 млрд. теңгесі ғана нақты секторға қызмет етуде. Ал қолда бар қаржы көлемі 225 млрд. долларға жетеді»,- деді ол.
Сонымен бірге, С.Елшібекованың пікірінше, «зейнетақы жүйесінің барған сайын арта түскен сұранысын бағалы қағаздар рыногының корпоративтік секторы мейлінше аз мөлшерде қанағаттандырып отыр». Қорлар «А» листингіне жататын 48 эмитеттің бағалы қағаздарына инвестиция жұмсай алады. Бұл қазіргі жұмыс істейтін акционерлік қоғамдар санының 1,6 процентін ғана құрайды. Олардың 27-сі ғана қаржылық емес ұйымдар»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта