"Қазпошта" АҚ-ның басшылығы компьютерлік желіні бұзу дерегін жоққа шығаруда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазпошта" АҚ-ның басшылығы компьютерлік желіні бұзу дерегін жоққа шығаруда

"Қазпошта" АҚ-ның басшылығы компьютерлік желіні бұзу дерегін жоққа шығаруда

""Қазпошта" АҚ-ның компьютерлік желісін қандай да бағдарламалық қамтамасыздық бұза алмайды, желіден электронды ақпаратты көшіріп алу мүмкін емес". Бұл туралы бүгін, 24-қарашада "Қазпошта" АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған. Сөйтіп, кәсіпорынның компьютерлік желісін бұзу дерегі тіркелмеген.

  • 24 Қараша 2004
  • 711
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі Агенттігі 23-қарашада таратқан ақпарат бойынша, Қызылорда облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің қызметкерлері «Қазпошта» АҚ-ның компьютерлік желісін бұзған «Лотон» ЖШС-нің жүйелік администраторы ұсталған. Департаменттің ақпаратына сәйкес, ұсталған адам «Қазпошта» АҚ-ның компьютерлік желісін бұзатын бағдарлама жасап, ақпаратты заңсыз көшіріп алып отырған. Бұл бағдарламаны инженер көлік салығы тәрізді төлем түбіртектерін қолдан жасау үшін пайдаланған.

Өз тарапынан «Қазпошта» АҚ-ның ақпараттық технологиялар департаменті мен пошта қауіпсіздігі мен бақылау басқармасы Қызылорда облысында көлік салығы және басқа да төлем түбіртектерін қолдан жасау оқиғасы шын мәнінде шыққанын растады. Алайда, төлемдер «Қазпошта» АҚ-ның компьютерлік желісі арқылы жүзеге асырылмаған. Түбіртектер «Аманат» бағдарламалық қамтамасыздығының көмегімен қолдан жасалған. Ал оны жалғыз «Қазпошта» АҚ ғана емес, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «ТұранӘлемБанкі» АҚ және «ЛОТОН» ЖШС де пайдаланады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Қазпошта» АҚ-ның ақпараттық технологиялар департаменті мен пошта қауіпсіздігі мен бақылау басқармасы тарапынан «Қазпошта» АҚ-ның компьютерлік желісін сыртқы шабуылдардан қорғауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар ұдайы жүзеге асырылып келеді.

Перейти к новостям спорта