Бұл туралы ол Қазақстан Ұлттық арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өмірімнің бар қиындығын, аласапырандығын әніме қойдым. Осы әнімнің арқасында мен көтерілдім, елге сүйікті болдым. Әннің арқасында маған жігіттер де ғашық болды. 50 жыл бойы рояльмен дос болдым. Досым да, жұбайым да, балам да аспабым болды. Қазір енді қойдым, 90-нан кейін қойдым, шаршадым. Шабал Бейсекова деген Халық әртісі маған Бибігүл ұзақ ән айтқаннан да кейін шаршайсың деп айтатын. Шынымды айтсам, мен қазір әннен шаршадым, аспапқа жақындап барғым келмейді", — дейді Бибігүл Төлегенова.
Сондай-ақ, ол өз жас күнінде тапқан қаражатын өзіне емес, өзгелерге көп жұмсағанын да жасырмады.
"Жас кезімде мен жақсылық көре алмадым. Бір жағынан, қазақша айтқанда күйеуден қолым шыққан жоқ. Екінші жағынан, тапқан таянғанымды киім деген дүниелерге көп жұмсамадым. Мен өз балаларымнан бөлек, апа-сіңлілерімнің балаларына да көп көмектестім. Мендегі дүниелердің барлығы маған сыйлыққа келген", — дейді қазақтың бұлбылы.