Альфа банкі БТА-ипотека үшін 5 млн. доллардың несиелік желісін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Альфа банкі БТА-ипотека үшін 5 млн. доллардың несиелік желісін ашты

Альфа банкі БТА-ипотека үшін 5 млн. доллардың несиелік желісін ашты

Ресейдің Альфа банкінің Қазақстандық еншілес кәсіпорны мен БТА-ипотека 1 жылға 5 млн. доллардың несиесін алу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне БТА-ипотека компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қараша 2004
  • 538
Фото - Caravan.kz

Алынған несиелік қаржы БТА-ипотека компаниясының клиенттері үшін ипотекалық несие беру көлемін арттыру үшін пайдаланылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, БТА-ипотека алғашқылардың бірі болып ипотекалық несиелерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы болған. Бұл компанияға несие алушылар үшін бастапқы жарна мөлшерін 10 процентке дейін, сондай-ақ, несие бойынша өсім ставкасын азайтуға мүмкіндік береді.
Ал осы аптада ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі БТА-ипотека компаниясының жуырда қабылдаған облигациялық бағдарламасы бойынша ипотекалық облигациялардың алғашқы шығарылымын тіркеді. Оның құны 10 млрд. теңге болды. Бірінші транш бойынша эмиссия көлемі 2 млрд. теңгені құрады. Жоба авторларының пікірінше, БТА-ипотека компаниясының облигациялық бағдарламасы халыққа несие беру үшін «ұзақ мерзімді» ақша тартуға ықпал етеді.

Перейти к новостям спорта