Алматы қалалық полициясы Астанада өз жерлестерін ұрлаған екі Пәкістан азаматын ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қалалық полициясы Астанада өз жерлестерін ұрлаған екі Пәкістан азаматын ұстады

Алматы қалалық полициясы Астанада өз жерлестерін ұрлаған екі Пәкістан азаматын ұстады

Алматы қалалық ІІББ-ның ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Астанада бопсалап ақша алу үшін өз жерлестерін ұрлап кеткен екі Пәкістан азаматын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 26-қарашада ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қараша 2004
  • 404
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық ІІББ-ның ақпараты бойынша, 24-қарашада Астана қалалық ІІББ-ына Қазақ медицина академиясының 6-курсында оқитын, Астанада уақытша тұратын Пәкістан азаматы шағымданған. Ол өзімен бірге оқитын тағы бір пәкістандық студент екеуін беймәлім екі адам суық қару көрсетіп қорқыту арқылы тонап әкеткенін хабарлады. Соңынан әлгілер тоналған екі студенттің біреуін босатып, екіншісін бостандыққа шығару үшін 25 мың доллар бопсалаған.

Шұғыл шаралар нәтижесінде шетелдіктердің бірі 25-қарашада Есік қаласындағы саяжай үйлердің бірінде кепілдікке алған адамды қамап отырған жерінен ұсталды. Оның сыбайласы Алматы қаласында ұсталды. Кепілдікке алынған студент босатылды.
Қазір адам тонаған екі жігіт Алматы қалалық ІІББ-ның арнаулы қабылдау-тарату мекемесінде отыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта