Сенат "Экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат "Экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Сенат "Экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 26-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қараша 2004
  • 456
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын палата отырысында таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары Серік Баймағамбетовтың түсініктемесіне жүгінсек, «бұл заң жобасы Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік ұйымдардың бөлімшелерінің іс -қызметін экстремистік іс-қызметке жатқызу тәртібін айқындайды. Мұндай құқық Астана қалалық сотына берілді». «Қандайбір шетелдік ұйымды экстремистік ұйым деп тану жөнінде Астана қалалық сотына шағым түсіру құзыретіне прокуратура органдары ие»,- деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, дүниежүзінде барлығы 500-ден астам экстремистік ұйым жұмыс істейді. «Қазақстанда мұндай тізім жоқ. Өйткені, ұйымды экстремистік ұйым деп тану жөніндегі процедуралар күні бүгінге дейін айқындалған жоқ болатын»,- деді С.Баймағамбетов.
«Экстремистік іс-әрекеттерге қарсы күрес туралы» заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін сенаттың салалық комитетіне жолданды.

Перейти к новостям спорта