Алматыдағы жарылыстарға басты себеп - бұзақылық - Алматы қалалық ІІББ-ның жорамалы - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы жарылыстарға басты себеп - бұзақылық - Алматы қалалық ІІББ-ның жорамалы

Алматыдағы жарылыстарға басты себеп - бұзақылық - Алматы қалалық ІІББ-ның жорамалы

28-қараша, жексенбіде "Отан" партиясының қалалық филиалының ғимаратында болған жарылыстардың себептеріне қатысты Алматы қалалық ІІББ-ның шұғыл тергеу тобы бұзақылық деген басты жорамалды алға тартуда. Бұл туралы Алматы қалалық ІІББ таратқан хабарламада айтылған.

  • 29 Қараша 2004
  • 448
Фото - Caravan.kz

Тергеу тобы қазір жұмыс бабындағы бірнеше жорамалды қарастырып жатыр. Лаңкестік туралы жорамал айтылмайды.

Мамандардың бағалауынша, жарылғыш зат ретінде 200 грамм тротилге эквивалентті, толтырғышы мен қабыршағы жоқ тротил құтысы пайдаланылған сыңайлы. Жарылыстар салдарынан ғимараттың бірінші қабатының үшінші терезесіне ақау келді.
Сол жерден өтіп бара жатқан кездейсоқ жүргінші жеңіл жарақат алып, оған дәрігерлік көмек көрсетілді.
Осыдан бірнеше минут бұрын қуаты тағы да осындай жарылыс ғимараттың бүйір жағындағы пайдалануға жарамай қалған телефон желісінің қалқанында шықты. Соның салдарынан қалқан бүлінді.
Алғашқы жарылғыш зат 18 сағат 25 минутта іске қосылды.

Перейти к новостям спорта