Павлодарда "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматыға ұшатын рейсіне билет алған алты жолаушы ұшаққа жіберілмеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматыға ұшатын рейсіне билет алған алты жолаушы ұшаққа жіберілмеді

Павлодарда "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматыға ұшатын рейсіне билет алған алты жолаушы ұшаққа жіберілмеді

26-қараша, жұмада Павлодарда "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматыға ұшатын рейсіне билет алған алты жолаушы ұшаққа жіберілмеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Павлодар әуежайы"АҚ-ның өкілдері хабарлады.

  • 29 Қараша 2004
  • 765
Фото - Caravan.kz

Әуежай өкілдерінің ақпаратына жүгінсек, 26-қарашада «Эйр Астана» әуе компаниясы Павлодар-Алматы бағытында күн сайын қатынайтын №306 рейске қызмет көрсететін ұшақ түрін өзгертуге байланысты Павлодарға «Фоккер» ұшағының орнына «Ан-24» ұшағы келген. Мамандардың айтуынша, «Ан-24» ұшағы бортқа «Фоккер» ұшағымен салыстырғанда артық жанармай алуға байланысты, 50-дің орнына 38 жолаушы отырғызады. Соның салдарынан аталмыш рейске билет алған алты жолаушы ұша алмай қалды.

«Павлодар әуежайы»АҚ-ның жолаушы тасымалы бөлімінің қызметкерлері мен заңгерлері бұл дерек бойынша акт рәсімдеді. Ұшаққа жіберілмегендердің арасында іссапарға шыққандар мен жерлеу рәсіміне бара жатқан бір адам болған. Әуежайдағылар жолы болмай қалған жүргіншілер сотқа шағым түсіруі мүмкіндігін жоққа шығармайды.
«Павлодар әуежайы»АҚ-нан хабарлағанындай, тағы да осындай оқиға Павлодарда 28-қазанда шыққан. Ол жолы 10 адам Алматыға ұша алмай қалған болатын.
Расталмаған ақпарат бойынша, «Эйр Астана» әуе компаниясының Павлодардағы өкілдігінде қазір басшылық ауысып жатыр.

Перейти к новостям спорта