"Хабар" агенттігінің директорлары кеңесінің төрайымы болып Гүлнар Иксанова сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хабар" агенттігінің директорлары кеңесінің төрайымы болып Гүлнар Иксанова сайланды

"Хабар" агенттігінің директорлары кеңесінің төрайымы болып Гүлнар Иксанова сайланды

"Хабар" агенттігінің директорлары кеңесінің төрайымы болып аталмыш кеңес мүшесі Гүлнар Иксанова сайланды. Мұндай шешім агенттік директорлары кеңесінің мәжілісінде қабылданды,- деп хабарлайды "Хабар" агенттігінің баспасөз қызметі.

  • 1 Желтоқсан 2004
  • 591
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 20-қазанда «Хабар» агенттігінің директорлары кеңесі Дариға Назарбаевадан үшінші шақырылған Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болып сайлануына байланысты кеңестегі өкілеттігінен мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қабылдаған.

Г.Иксанова 46 жаста. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Оқытушылық қызметпен айналысқан. 1994-жылы «Таң» телерадиокомпаниясының вице-президенті болды. 1994-1995-жылдары «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының вице-президенті қызметін атқарды. 1995-1996-жылдары «Таң» телекомпаниясының директоры болды. 1995-1996-жылдары мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының аймақтық штаб-пәтерінің референті болды. 1996-жылдан бері «Хабар» агенттігінде істейді. Түрлі жылдары Агенттіктің референті, вице-президенті және бас директоры болды.

Перейти к новостям спорта