Өзбекстанда ТМД елдерінің атынан парламент сайлауын бақылаушылардың халықаралық миссиясы іске кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда ТМД елдерінің атынан парламент сайлауын бақылаушылардың халықаралық миссиясы іске кірісті

Өзбекстанда ТМД елдерінің атынан парламент сайлауын бақылаушылардың халықаралық миссиясы іске кірісті

Өзбекстанда ТМД елдерінің атынан парламент сайлауын бақылаушылардың халықаралық миссиясы іске кірісті. Олий мажлистің заң шығарушылар палатасының сайлауы биылғы 26-желтоқсанда өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Желтоқсан 2004
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бақылаушылар миссиясының жетекшісі, ТМД атқарушы хатшысы Владимир Рушайло Ташкентте өткен баспасөз мәслихатында Достстықтың бес өкілі ұзақ мерзімді бақылауды жүзеге асыратынын хабарлады. Дауыс беру басталардан бірнеше күн бұрын ТМД елдерінен тағы да 70 бақылаушы Өзбекстанға келмекші. Олар республиканың барлық сайлау округтерінде сайлау заңының сақталу жағдайына мониторинг жүргізеді.

Өзбекстандағы парламент сайлауына бес саяси партия қатысқалы отыр. Орталық сайлау комиссиясы депутаттықтан үміткер 517 адамды тіркеді.

Перейти к новостям спорта