Прокуратура ақпаратына сәйкес, күдіктілердің бірі бүгінге дейін Қазақстандағы еңбекпен түзеу колониясында көз жұмған. Екіншісі де республика аумағындағы қатаң тәртіпті абақтыда отыр. Самара облыстық құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері күдіктіні Самараға экстрадициялау жөніндегі тиісті құжаттарды Қазақстанға жолдады. Оның жарылысқа қатыстылығы Самарада анықталады деп күтілуде.
Екі күдікті де Шешенстандағы содырларды дайындайтын лагерьлерде дәріс алған деген ақпар айтылуда.
4-маусымда Самара базарында болған жарылыс 11 адамның өмірін қиды, тағы 40-тай адам жарақаттанды.
Бұл — Қазақстан азаматтарын лаңкестікке қатысты деп айыптап отырған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Өзбекстан құқық қорғау мекемелері биыл республика аумағында болған бірқатар лаңкестік әрекеттерді Қазақстан азаматтары жүзеге асырғанын анықтаған. Атап айтсақ, 30-шілдеде Өзбекстан бас прокуратарасының, АҚШ және Израиль елшіліктерінің жанында екі жанкешті Қазақстан азаматтары өздерін жарып жіберген.
Қараша айында ҚР ҰҚК халықаралық лаңкестік ұйым — «Аль Каиданың» құрамына енетін «Орталық Азия моджахедтерінің жамааты» атты топты жойғанын хабарлаған.