Грузия елшісі Қазақстан президентіне сенім хатын табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия елшісі Қазақстан президентіне сенім хатын табыс етті

Грузия елшісі Қазақстан президентіне сенім хатын табыс етті

Бүгін, 1-желтоқсанда Грузия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Зураб Шургаия Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім хатын табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 1 Желтоқсан 2004
  • 393
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мемлекет басшысымен кездесуден кейін өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында елші: «президентпен кездесу барысында біз екі жақты қарым -қатынасқа, экономикаға қатысты мәселелер туралы талқыладық»,- деп атап көрсетті.

«Қазақстан мен Грузияның экономикалық мүддесі бір жерде тоғысатын тұстар жоқ емес, бірінші кезекте бұл — мұнай тасымалдау саласында»,- деді З.Шургаия. Екі ел темір жол және әуе қатынасын орнатудан, жүк айналымы көлемін арттырудан, теңіз айлақтарының әлеуетін арттырудан мүдделі, деді елші.
Ол сонымен бірге «Қазақстан мен Грузия өзара ынтымақтастықтың жаңаша деңгейіне көтерілді» деп атап көрсетті.

Перейти к новостям спорта