"Охранамен жүргенге не жетсін": Дариға Бадықова шу болған күзетшілерге қатысты жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Охранамен жүргенге не жетсін": Дариға Бадықова шу болған күзетшілерге қатысты жауап берді

"Охранамен жүргенге не жетсін": Дариға Бадықова шу болған күзетшілерге қатысты жауап берді

Кейінгі кездері продюсер ретінде танылып жүрген актриса Дариға Бадықова тойда ән айтуға не себепті күзетшілермен шыққанын түсіндірді.

  • 16 Ақпан
  • 332
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Етегімнен тартпаңдаршы

Охрана сенің не теңің деп жерден алып, жерге салып болдыңыздар ма. Құрсын таралып кеткені соншалық, үтікті қоссақ та сол видео шықты ғой алдымыздан. Ресторанның таңып берген охранасы ғой, біздің дым қатысымыз жоқ, ақталды демеңіздер. Бір жағы, басқа ұлттың баласына ұқсап охранамен жүргенге не жетсін. Сол күнге жетейік деп жақсы сөз айтқан бір қазақ жоқ қой, шіркін-ай.

Құрметті көрермен-ау, жалпы деймін де, бастап жатқан ісіміз ілгері жүрсін десек, етектен тартып: “Ой сендер сондай, сендер бұндай” — деп артқа тартпайықшы. Неге десеңіз, біз көпұлтты мемлекетпіз. Өзіміз аз ғана қазақпыз! Жұрттың баласының алдында бір-бірімізді табалап, жағадан ұстамайық та құрысын.

Енді еңсемізді көтеріп келе жатқанда, сағымызды суға кетірмейікші! Қай саланың тасы өрге домаласа, төмен тартуға құмар болмайық.
Рухы, биік текті ұрпақтың балаларымыз ғой", — деп жазды ол. 

Продюсердің оқырмандары оған өзінің "жұлдызды шағынан" аман-есен өтуін тіледі.

"Әркімнің өз жұлдызды шағы болады. Алайда халықтың ортасына бір топ күзетшімен шыққаның дұрыс болмады", "Мына кино біткесін танкімен жүретін шығар", "Дариға ханым бәрін түсіндірді. Енді охрана деген тақырып жабылсын", "Дұрыс іс жасасаң, ешкім етегіңнен тартпайды", "Ащы тақырыпты тәтті қылып жеткізді, аман болыңыз", — деп жазды олар.