Украина Жоғарғы Радасы Янукович үкіметін отставкаға жіберуге дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина Жоғарғы Радасы Янукович үкіметін отставкаға жіберуге дауыс берді

Украина Жоғарғы Радасы Янукович үкіметін отставкаға жіберуге дауыс берді

Украина парламенті Виктор Янукович басқаратын үкіметті отставкаға жіберу және "халық сеніміне" ие болған коалициялық үкімет құру туралы қаулы қабылдады. "Украинадағы саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру туралы" қаулы үшін 229 депутат дауыс берді. Ал қандайбір шешімді түпкілікті қабылдау үшін 226 дауыс жинаса жетеді,- деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі.

  • 1 Желтоқсан 2004
  • 423
Фото - Caravan.kz

Қаулыға сәйкес, Виктор Янукович басқаратын үкімет отставкаға кетуге тиіс.

Парламенттің жабық сессиясында бастапқыда қаулының Виктор Ющенконы жақтаушылар әзірлеген жобасы талқыланды. Бұл үлгі 4 дауыс жетпей қабылданбай қалды.
Ал парламентте қабылданған қаулы жобасын келісім комиссиясы жасаған. Қаулыға сәйкес, коалициялық үкіметті президент Леонид Кучма мен Жоғарғы Раданың спикері Владимир Литвин республикадағы барлық депутаттық фракциялар мен топтармен ақылдасу негізінде құрады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта