Өскемен қалалық әкімшілігі кәсіпкерлер тарапынан "Тілдер туралы" заңды бұзуға қатысты 100-дей деректі әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемен қалалық әкімшілігі кәсіпкерлер тарапынан "Тілдер туралы" заңды бұзуға қатысты 100-дей деректі әшкереледі

Өскемен қалалық әкімшілігі кәсіпкерлер тарапынан "Тілдер туралы" заңды бұзуға қатысты 100-дей деректі әшкереледі

Өскемен қалалық әкімшілігінің қызметкерлері қаланың негізгі магистральдарына тексеру жүргізу нәтижесінде кәсіпкерлер тарапынан "Тілдер туралы" заңды бұзуға қатысты 100-дей деректі әшкереледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Өскемен қаласы әкімінің аппаратынан хабарлады.

  • 2 Желтоқсан 2004
  • 618
Фото - Caravan.kz

Әкімшіліктің мәліметі бойынша, Өскемендегі кәсіпкерлік субьектілерінің атауы жазылған 70-тен астам жарнаманың қазақ тіліндегі мәтіні қате жазылған. Көптеген шаруашылық субьектілерінің жарнамасындағы орыс және қазақ тіліндегі мәтіндер түрлі шрифтімен жазылған, жазулардың орналасу реті мен әріптердің мөлшері әр алуан. Кейбір жарнамалардың мәтіні қазақ тіліне мүлдем аударылмаған.

Әкімшілік мамандарының пайымдауынша, заң талаптарының бұзылуына көптеген дәріханалар, дүкендер мен барлардың қожайындары қаржы үнемдеу мақсатымен жарнамаларды қарадүрсін тәсілмен жасайтын жеке адамдар мен кәсіпқой емес аудармашылардың көмегіне жүгінеді. Соның салдарынан кәсіпкерлер жұмыс сапасына байланысты сотқа шағымдана алмайды.
Барлық заң бұзу деректері бойынша кәсіпорын басшыларына түсініктеме берілді. Олар қателіктер мен дәлсіздіктерді 10 күнде арылтуы тиіс.

Перейти к новостям спорта