"Асар" партиясының жетекшісі мемлекеттік несие алған студенттерді оқыту ақысын қымбаттатуға бағытталған білім министрлігінің әрекеттерін заңсыз деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясының жетекшісі мемлекеттік несие алған студенттерді оқыту ақысын қымбаттатуға бағытталған білім министрлігінің әрекеттерін заңсыз деп санайды

"Асар" партиясының жетекшісі мемлекеттік несие алған студенттерді оқыту ақысын қымбаттатуға бағытталған білім министрлігінің әрекеттерін заңсыз деп санайды

"Асар" партиясы мемлекеттен несие алған студенттерді оқыту ақысын қымбаттатуға бағытталған білім министрлігінің әрекеттерін "заңсыз әрі ата заңға қарсы" деп санайды. Бұл туралы Д.Назарбаева 1-желтоқсан, сәрсенбіде парламенттегі брифинг барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне "Асар" партиясының баспасөз қызметінен.

  • 2 Желтоқсан 2004
  • 852
Фото - Caravan.kz

«Алдағы уақытта біз оқу үшін мемлекеттен несие алған студенттерді қолдау үшін белсенді әрекеттерге көшеміз. Ондағы мақсат — білім министрлігін оқыту ақысын қымбаттату жөніндегі көзқарасын өзгертуге түрткі болу»,- деді Д.Назарбаева. Партия жетекшісі білім министрлігінің әрекеттерін «заңсыз әрі ата заңға қарсы» деп атай отырып, «қандай елдің де ешбір заңында келісім-шарт талаптарын қайта қарап, төлем талап ету, ол орындалмаған жағдайда оқудан шығарамыз деп қорқыту туралы қарастырылмаған»,- деді. «Мұндай жағдай еш жерде жоқ. Сол себепті мен студенттер бізге көмектеседі, өз мүддесін белсенді қорғайды деп сенемін. Өйткені бұл мәселе Қазақстан бойынша мемлекеттік несиеге оқитын 100 мың адамның мүддесіне тікелей қатысы бар».

«Мәжілістің отырысында депутаттардың бірі білім министрлігінің әрекеттерін сынау арқылы БАҚ-тар студенттерді заңсыз қадамдарға итермелер отыр деп атап өтті»,- деді Д.Назарбаева. «Сол арқылы біз «раушан гүл» немесе «Киев көшелеріндегідей сарғылт» төңкеріс шығаруға түрткі болып отырмыз-мыс». «Керісінше, осындай заңсыз әрекеттері арқылы үкіметтің тікелей өзі қоғамда арандатушылық көңіл-күй туғызып отыр»,- деп санайды «Асар» партиясының төрайымы.

Перейти к новостям спорта