Бакуде Кедендік ынтымақтастық комитетінің 3-мәжілісі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде Кедендік ынтымақтастық комитетінің 3-мәжілісі өтуде

Бакуде Кедендік ынтымақтастық комитетінің 3-мәжілісі өтуде

1-желтоқсанда Бакуде Кедендік ынтымақтастық комитетінің 3-мәжілісі басталды. Ол "Аймақтық сауда-саттықты жеңілдету және кедендік ынтымақтастық" тақырыбы бойынша өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

  • 2 Желтоқсан 2004
  • 557
Фото - Caravan.kz

Азия даму банкінің қаржылық қолдауымен Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті ұйымдастырған отырысқа Кедендік ынтымақтастық комитетіне мүше елдер — Әзербайжан, Қазақстан, ҚХР, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Монғолияның кедендік құрылымдарының өкілдері мен Азия даму банкінің мамандары қатысуда.

3-желтоқсанға дейін созылатын бұл шара аймақтық кедендік ынтымақтастықты дамыту үшін өткізіліп отыр. Бас қосуға қатысушылар Кедендік ынтымақтастық комитеті хатшылығының Аймақтық сауда-саттықты жеңілдету және кедендік ынтымақтастық бағдарламасының барысы туралы есебін талқылап, болашақ іс-қызмет пен жұмыс бабындағы жобаларды тиянақтайды, сондай-ақ, тиісті жұмыс жоспарларын дайындау жөніндегі екі жұмыс тобының жиналыстары өткізіледі. Отырыс аясында қолдауымен Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік кеден комитеті мен Қырғызстан қаржы министрлігінің жанындағы кіріс комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады.
Отырысты ашқан Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Кемаледдин Гейдаров аймақтық байланыстарды одан әрі дамытуда бас қосудың атқаратын маңызын атай отырып, қазіргі ахуалда кеден мекемелерінің жауапкершілігін арттыру қажеттігіне тоқталды. Оның айтуынша, Мемлекеттік кеден комитеті басқа елдердегі кедендік мекемелермен арақатынас орнату саласында маңызды қадамдар жасауда. Кедендік ынтымақтастық комитетіне мүше елдермен өзара ынтымақтастық барысы туралы түсініктеме берген ол бұл бағытта бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылғанын хабарлады.
Ал Азия даму банкінің Шығыс және Орталық Азия департаментінің сауда, басқару және қаржы бөлімінің директоры Ной Чиахчанкх өз сөзінде бұл жолғы кездесу «аймақ үшін өзара сауда-саттық аясын кеңейту және оның жаулап алу аймағын арттыруда бетбұрыс нүктесі болмақ» деді. «Мұндай әріптестіктің біз үшін маңызы зор»,- деді ол.
Кедендік ынтымақтастық комитеті Азия даму банкінің бастамасымен және қаржылық қолдауымен 2002-жылдың қаңтарында құрылған. Бұл ұйым аймақтағы кедендік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға түрткі болу, сыртқы сауданы жеңілдету және кедендік процедураларды жетілдіру мақсатымен құрылған. Кедендік ынтымақтастық комитетінің бұған дейінгі отырыстары Үрімжі және Ташкент қалаларында өтті.

Перейти к новостям спорта