Депутаттардың ақпараты бойынша, оқыту ақысын көтеруге байланысты еліміздің жоғары оқу орындарында қалыптасқан ахуалды Елбасы өз бақылауына алды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттардың ақпараты бойынша, оқыту ақысын көтеруге байланысты еліміздің жоғары оқу орындарында қалыптасқан ахуалды Елбасы өз бақылауына алды

Депутаттардың ақпараты бойынша, оқыту ақысын көтеруге байланысты еліміздің жоғары оқу орындарында қалыптасқан ахуалды Елбасы өз бақылауына алды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оқыту ақысын көтеруге байланысты еліміздің жоғары оқу орындарында қалыптасқан ахуалға назар аударды. Бұл туралы бүгін, 2-желтоқсанда парламент қабырғасында өткен брифингте мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердоңғаров мәлімдеді.

  • 2 Желтоқсан 2004
  • 397
Фото - Caravan.kz

Депутаттың айтуынша, «бүгін таңертең Елбасы осы мәселе бойынша кеңес өткізген президент оны тікелей өз бақылауына алды». Т.Бердоңғаровтың пікірінше, «мемлекет басшысының бұл мәселеге деген көзқарасы оны тез арада шешуге мүмкіндік береді». Депутаттың пікірінше, мәселені жолға қою үшін 2-4 млрд. теңге қажет. «Бюджеттегі бұл бос орынды толтыруға республикамыздың қауқары жетеді»,- дейді ол.

Ал мәжіліс депутаты Сергей Киселевтің айтуынша, «ҚР білім және ғылым министрлігінің несиелік орператоры мен қаржылық орталығының қателігін студенттерге арқалатып қоюға әрекеттер жасалуда». С.Киселевтің пікірінше, мұндай жағдайда «министр қызметтен кетуге тиіс».
Оның айтуынша, «қысым бойынша» қосымша келісімге қол қойған студенттер «ҚР Азаматтық кодексінің 158-бабына сәйкес сотқа шағым түсіруге құқылы, ондай жағдайда заң бұзу арқылы жасалған бұл келісім-шарты заңсыз деп танылады».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алып жатқан студенттерді оқыту ақысын орта есеппен 80 процентке қымбаттататын қосымша қол қоюға мәжбүрлеу оқиғасы орын алған. Бұл орайда ҚР білім және ғылым министрлігі жыл сайын бекітілетін шығындарға сәйкес оқыту құнын индексациялап отыру жөніндегі үкіметтің қаулысын алға тартып отыр.

Перейти к новостям спорта