Елбасы білім және ғылым министріне сөгіс жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы білім және ғылым министріне сөгіс жариялады

Елбасы білім және ғылым министріне сөгіс жариялады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмысында қателіктерге жол бергені үшін білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеевке сөгіс жариялады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Желтоқсан 2004
  • 514
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін, 2-желтоқсанда мемлекет басшысы жұмыс бабындағы кеңес өткізіп, онда ҚР білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім беру несиесінің мөлшерін арттыру туралы шешімінің заңдылығына қатысты мәселе қаралды. Министрліктің бұл шешімі студенттер мен қоғам тарапынан наразылық тудырғаны белгілі.

Әділет министрі Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, несие алушы студент, жоғары оқу орны мен ҚР білім және ғылым министрлігінің қаржылық орталығы арасындағы үш жақты келісім туралы қаулы 1999-жылдың 20-шілдесінен бері күшіне енген. Заңнамаға сәйкес, мұндай үш жақты келісімге қандайбір түзету үш жақтың бірдей келісімі негізінде енгізілуі тиіс. Ал несиелердің мөлшерін болашақта индексациялап отыру туралы шешім 2003-жылдың сәуір айында ғана қабылданған.
Ал ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеевтің түсініктемесіне жүгінсек, 1999-жылғы келісімнің шалағайлығына байланысты жоспарланған есептер мен бір студентті оқытуға жұмсалатын нақты шығын көлемі сәйкеспегендіктен, несие мөлшерін арттыруға шешім қабылданған. «Оқыту ақысын арттыру оқытушылар құрамының жалақысын көтеруге, коммуналдық шығындардың артуына және басқа да себептерге байланысты. Ал ҚР білім және ғылым министрлігінің қаржылық орталығы мемлекеттік бюджеттің алдында міндеттеме жүктейтіндіктен, мекеме несие мөлшерін арттыруға шешім қабылдады»,- деді ол.
Ж.Құлекеевтің ақталу үшін алға тартқан аргументтерін жеткіліксіз деп тапқан мемлекет басшысы білім министрлігінің әрекеттеріне көңілі мүлдем толмайтынын білдірді. «Сіздердің қателіктеріңіз үшін студенттер неге зардап шегуі қажет? Жоғары оқу орындары студенттерді қосымша келісім-шартына қол қоюға мәжбүрлеуге тиіс емес»,- деді ол.
Кеңес қорытындысы бойынша президент 1999-2003-жылдар аралығында несие алған студенттер үшін мемлекеттік білім беру несиесінің мөлшерін арттыру туралы шешімінің күшін жою туралы тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта