Өзбекстан парламенті жұмысын қорытындылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан парламенті жұмысын қорытындылауда

Өзбекстан парламенті жұмысын қорытындылауда

Өзбекстанның қазіргі парламенті 2-желтоқсан, бейсенбіде ақырғы сессиясына жиналды. Отырыс күн тәртібіне 16 мәселе, соның ішінде биылғы мемлекеттік бюджеттің орындалуы мен алдағы жылға арналған жоба қамтылды. Парламент отырысына Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов қатысты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ташкенттен.

  • 3 Желтоқсан 2004
  • 517
Фото - Caravan.kz

Парламенттің 2000-2004-жылдар аралығындағы жұмысын қорытындылаған олий мажлис төрағасы Эркин Халилов «жұмыстың басты бағдары жоғары дамыған нарықтық экономикалы әділетті демократиялық мемлекет құруға бағытталған және барған сайын тереңдей түскен ел ішіндегі реформаларды дер кезінде құқықтық-нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету» болып табылатынын атап өтті.

Депутаттар алдында сөз сөйлеген Өзбекстан президенті И.Кәрімов парламенттің іс-қызметіне жоғары баға берді. Өзбекстанның саяси және экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға, ұлттық мемлекеттілік құруға, халықаралық сахнадағы мемлекет беделін көтеруге, ел ішінде бейбітшілік пен тұрақтылықты, ұлтаралық келісім мен бірлікті сақтауға, шынайы мәдени-рухани құндылықтарды, қасиетті ислам діні ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға, азаматтық институттарды құруға және демократиялық принциптерді нығайтуға, қоғамда кең көлемді реформалар жүргізуге бағытталған ауқымды істер тындырылды,- деді Өзбекстан президенті.
Мемлекет басшысы «депутаттарға жан-жақты ойластырылған құжаттар дайындап, халық сенімінен шыға білгені үшін және сол арқылы Өзбек парламентінің халықаралық беделін көтергені үшін ризашылық білдірді».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 26-желтоқсанда Өзбекстанда парламент сайлауы өтеді. 120 депутаттық мандат үшін 517 үміткер бақ сынайды. Сайлауға бес саяси партия қатысады.

Перейти к новостям спорта