2004-жылы Қазақстанда адам саудасына қатысты деректер бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Қазақстанда адам саудасына қатысты деректер бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды

2004-жылы Қазақстанда адам саудасына қатысты деректер бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды

2004-жылы Қазақстанда адам саудасына қатысты деректер бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін, 3-желтоқсанда адам саудасына қатысты қылмыстарды зерттеу, алдын алу және әшкерелеу мәселелері бойынша өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР ІІМ-нің аса қауіпті қылмыстармен күресті үйлестіру жөніндегі орталығының басқарма бастығы Марат Шабытов хабарлады.

  • 3 Желтоқсан 2004
  • 446
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 7 жағдайда әйелдер аталмыш қылмыс түрінің құрбанына айналса, бір жағдайда кәмелеттік жасқа жетпеген бозбала зардап шекті. Ал 2003-жылы Қазақстанда адам саудасына қатысты қылмыс деректері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалып, барлығы 25 адам, соның ішінде 15 әйел қылмыс құрбанына айналды. «Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметтері бойынша, соңғы 2-3 жылда Қазақстанда адамдарды саудалау үшін елден алып шығуға қатысты 88 жағдай тіркелген»,- деді М.Шабытов.

Халықаралық көші-қон ұйымының ақпараты бойынша, дүниежүзінде жыл сайын 5 млн. жан адам саудасына қатысты қылмыстың құрбанына айналады. Осынау қылмысты бизнестің қаржылық айналымы жылына 9 млрд. долларды құрайды.

Перейти к новостям спорта