Павлодарда адамдардың жаппай улануына себепкер болған тәтті тоқаш құрамынан сальмонелла бактериялары табылды- Санэпидбақылау департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда адамдардың жаппай улануына себепкер болған тәтті тоқаш құрамынан сальмонелла бактериялары табылды- Санэпидбақылау департаменті

Павлодарда адамдардың жаппай улануына себепкер болған тәтті тоқаш құрамынан сальмонелла бактериялары табылды- Санэпидбақылау департаменті

Павлодарда адамдардың жаппай улануына себепкер болған тәтті тоқаш өнімдеріне жасалған бактериологиялық зерттеудің алғашқы қорытындысы шығарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық санэпидбақылау департаментінен хабарлады.

  • 3 Желтоқсан 2004
  • 856
Фото - Caravan.kz

Тәтті тоқаш құрамынан сальмонелла бактериялары табылды. Ал бұл — кондитерлік өнімді әзірлеу технологиясын өрескел бұзу болып табылады. Тәтті тоқашты тазалық дәрігерлері бір зардап шеккен отбасының үйінен, жұқпалы дерт ошағынан алған. Департаменттегілердің хабарлауынша, науқастар ағзасынан инфекция табылған жағдайда санитарлық дәрігерлер әдетте сынамаға тағам қалдықтарын алады.

Крупсакая көшесінің бойындағы 76 -үйде орналасқан кондитерлік цехтан алынған тәтті тоқаш сынамаларының зерттеу қорытындысы әзірге дайын емес.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағамнан уланған алғашқы адам 28-қарашада жатқызылған. Павлодардағы Крупская көшесі, 76-үйде орналасқан кондитерлік цехта өндірілген «Балдан жасалған» және «Ұлу» атты тәтті тоқаш өнімдерін тұтыну адамдарды жаппай улануға апарып соқты.
Зардап шеккендерге инфекциялық гастроэнтероколит, сальмонеллез деген алдын-ала диагноз қойылды.
3-желтоқсан күнгі 8 сағаттағы мәлімет бойынша, зардап шеккендер саны 162 адамға жетті. Павлодар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында және Качир аудандық ауруханасында 140 адам, соның ішінде 50 бала жатыр. Науқастар арасында Павлодар, павлодар ауданы, Ақсу, Екібастұз, Лебяжы, Качир және Успенский аудандарының тұрғындары бар. Науқастарға бактериялық ем қабылдауда.
Бактеиологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша зардап шеккен 31 адамға «сальмонеллез» дегн диагноз қойылды.
Сырқаттардың бір бөлігі кеше ауруханадан шықты. Бүгін тағы бірнеше адам аурудан айығып шығады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта